Торғай өңірінің әлеуетін арттыратын кешенді жоспар әзірленіп жатыр
Құжатта аймақтың инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде «Орталық–Батыс» автожолының құрылысы мен Арқалық әуежайын жаңғырту жобалары қарастырылған. Сондай-ақ құны 62 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ол жүзеге асса, 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мал сою пункттері мен бордақылау алаңдарын, көгөніс қоймаларын салу көзделген. Бұдан бөлек бизнесті дамытып, инвестиция тарту үшін геологиялық барлау жүргізілмек. Ал өңірдің жан-жақты дамуы үшін «Өрлеу-Торғай» атты арнайы бөлек бағдарлама бекітіледі.
Нұржан Қашақов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының экономика және АӨК дамыту бөлімінің басшысы:
Бұл жобалардың іске асу мерзімі шамамен 2026-2028 жылдарға жоспарланған. Бізде барлық қажет ресурстар бар, Үкімет қолдау көрсетеді, республикалық, жергілікті бюджеттен де қаражат қарастырылған. Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі. Бүгінде агроөнеркәсіп саласы бойынша құны 47 млрд теңге болатын 10 жоба кешенді жоспарға енді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14