Өзбекстанда «InnoWeek–2025» халықаралық форумы өтті
Ташкентте «InnoWeek–2025» халықаралық форумы өтті. Инновациялық идеялар апталығына әлемнің 30-дан астам елінен 250-ге тарта делегат келген. Арасында қазақстандық өнертапқыштар да бар. Олар форум қатысушыларына тың технологияға бағытталған өнімдерін ұсынды. Форумда негізінен экология, биомедицина, ауылшаруашылық технологиялары мен жасыл энергия саласындағы жобалар таныстырылды. Солардың қатарында білім беру ісіндегі жаңашылдықтарды қамтитын отандық WEGLOBAL.AI платформасының негізін қалаушы жастар да бар.
Нұрсұлтан Көбейсінов, өнертапқыш /Қазақстан/:
Оқушыларға кәсіптік бағдар және психология бағытында, ал педагогтарға қағазбастылықты жоюға бағыттаған платформа. Оқушылар өздеріне жасанды интеллект арқылы түрлі кеңес ала алады. Ал мұғалімдер мектептерде болып жатқан трендтерді статистиканы жедел көре алады.
Шараның басты ұраны – «Шекарасыз идеялар». Апталық бағдарламасы 30-дан астам
іс-шараны қамтиды. Халықаралық конференциялар,
семинарлар мен дөңгелек үстелдер, B2B форматындағы кездесулер өтуде.
Қазақстандық жастар ұсынған тағы бір қызықты жоба құрылыс саласына негізделген.
Тимур Дүрмағамбетов, стартап жетекшісі /Қазақстан/:Мақсатымыз – жөндеу жұмыстарын қолжетімді ету, әрі оңай жүзеге асуына жәрдемдесу. Жасанды интеллект көмегімен жоспар жасалып, смета құрылады. Біздің жобамыз жөндеу жұмыстарының кезең- кезеңімен, ашық түрде жүргізілуіне, алаяқтық фактлерді барынша азайтуға сеп болады.
Асрор Норов, Өзбекстан Республикасы Инновациялық даму
агенттігі төрағасының міндетін атқарушы:
Алыс жақын шет елден 250-ге тарта қонақ келді. Ғалымдар, сарапшылар, инновациялық орталықтар мен ірі корпорация өкілдері бар. Ғылыми-өндірістік интеграцияны нығайту, тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдерді тиімді пайдалану басты назарда.
Инновация
тұрақты болашаққа бастайтын жол. InnoWeek апталығында бас қосқан ғалымдар,
кәсіпкерлер мен стартап жетекшілері осылай десті. 15 мың шаршы метрден асатын
көрме алаңына 400-ден астам инновациялық жобалар қойылған.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Т.Қалиев: Сайлау азаматтық қоғамды дамытады
13.10.2025, 20:24

Семейде сайлаушылардың дауысы есептеліп жатыр
13.10.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2025, 20:17
Израильдік тұтқындар босатыла бастады
13.10.2025, 20:14
Гидротехникалық нысанның құрылысы желтоқсанда аяқталады
13.10.2025, 20:13
Қ.Тоқаев АҚШ президентінің дипломатиялық табысын жоғары бағалады
13.10.2025, 20:10
«Достық – Мойынты»: Екінші желіден 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
13.10.2025, 20:07
ІІМ: Қылмыстың үштен бірі мас күйде жасалады
13.10.2025, 20:07