Басты Жаңалықтар Қарағандыда 384 тонна азық-түлік қорда тұр

Қарағандыда 384 тонна азық-түлік қорда тұр

Қарағанды қаласында фермерлердің өнімін делдалсыз сататын жаңа әлеуметтік павильон ашылды. Мұнда ет, сүт, жұмыртқа мен көкөністі базар бағасынан арзан алуға болады. Өнімдерді Шет ауданының фермерлері жеткізеді. Күн сайын павильонда 700 кг дейін ет сатылады. Азық-түлікті қымбаттатпау үшін тұрақтандыру қоры толықтырылып отырады. Қазір қоймаларда 35 мың литр күнбағыс майы, 67 тонна күріш пен 29 тонна қарақұмық бар. Жалпы айтқанда өңір бойынша 384 тонна азық-түлік сақтаулы. Бұл өнімдер баға өскен жағдайда дүкендерге жеткізіледі. Сонымен қатар жергілікті билік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен картоп, сәбіз, қырыққабат және пиязды тікелей жеткізу үшін келісімшарт жасады.

Берік Тоқмурзин, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 19045 тонна сәбіз, картоп, пияз, қырыққабат өнімдері үшін келісім-шарт жасалды. Қарағанды нан жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы нанды 130-135 теңгеден саудалап жатырмыз. Қосымша 270 теңгеден макарон өнімдерін саудалап жатырмыз.


Бөлісу