Басты Жаңалықтар Ақтөбеде жас футболшы отбасымен бірге қайтыс болды

Ақтөбеде жас футболшы отбасымен бірге қайтыс болды

Ақтөбеде болашағынан зор үміт күттірген жас футболшы отбасымен бірге көз жұмды. Әжесі мен екі немересінің денесі жеке тұрғын үйде табылған.

Қаза тапқандардың бірі 15 жастағы Арон Мұса. Ол футболға алты жасында келген. QJ league турниріне қатысып жатқан «Ақтөбе U-16» командасында оң жақ қорғаушы ретінде өнер көрсеткен. Шебер ойынымен көзге түсіп, Қазақстан ұлттық құрамасына кандидат атанған.

Әсет Жомарт, «Ақтөбе» ФК медиа-офицері:
2022 жылдан бері прогрессивті түрде өзін көрсетіп, команда капитаны болған еді. Оның жарқын ойындары мәңгі есімізде. Осы себепке орай «Ақтөбе» ФК Аронның жанұясына қаржылай көмек көрсететін болады.

Оқиға кеше түстен кейін болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт пен иістену белгілерін анықтамаған. Алайда газ жабдығына техникалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Полиция тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімдігі арнайы комиссия құрды. Қара жамылған отбасыға материалдық, психологиялық көмек көрсетіледі.


Бөлісу