Басты Жаңалықтар Қарағандыда философ-ғалым Төлеуғазы Əбжанов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Қарағандыда философ-ғалым Төлеуғазы Əбжанов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Қарағандыда белгілі философ Төлеуғазы Əбжанов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Биыл ғалымның 90 жылдығы. Мерейтойға орай Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Онда ғалымның өмір жолы, тұлғалық қыры, философиялық тұжырымдары туралы «Көрнекті ойшыл ұлағатты ұстаз» атты жинағы жарық көрді.

Омар Жəлел, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы:

Философия деген сөздің мағынасын осы Төлеуғазы ағамыз дəрістерінде түсіндіретін. «Фио» дегенміз махаббат, «софия» дегеніміз даналық деп түсіндіретін. Сөйтіп біз 3-курстан бастап сол кісінің соңынан еріп, кафедрада қалдым, аспирантура бітірдім, осы өмірде жеткен жетісітктерімнің барлығы үшін осы кісіге мен қарыздармын.


 Төлеуғазы Əбжанов ғұмырын ғылымға, жас ұрпақ тəрбиесіне жəне адамгершілік пен рухани құндылықтарды дəріптеуге арнады. Оның еңбектері – қазақ философиясының алтын қорына енген асылмұра. «Адамға қарай бет бұрсақ», «Ойлау тарихының белестері», «Қысқаша философия тарихы» атты зерттеулері студенттер арасында əлі күнге таптырмас құрал.

Есбосын Смағұлов, философия ғылымдарының кандидаты:

Төлеуғазы Əбжанов тек Қарағанды философия мектебінің ғана емес, бүкілқазақстандық философияның да көрнекті тұлғаларының біріне айналған жан. Көршілес елдердің ғалымдарымен де тығыз байланыста болды. Ол философия тарихшысы ретінде қазақтың ойшыл ғұламаларының есімін қайта жаңғыртуға көп еңбек сіңірді.


Бөлісу