Елімізде тұңғыш рет қала əкімінің сайлауы өтті
Семей қаласында еліміз бойынша тұңғыш рет қала əкімінің тікелей сайлауы өтті. Саяси дода кезінде барлық заңдылықты сақтай отырып, сайлаушылардың таңдау жасауына жан-жақты мүмкіндіктер жасалды. Мəселен, жексенбі таңғы 07:00-ден барлық учаске өз жұмысын бастады. Таңдау жасауға келген тұрғындар үшін концерттік бағдарламалар, флеш-моб ұйымдастырылды. Алғаш рет дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Ал шаһарда бұл күні қоғамдық көліктерде жүріп-тұру тегін болды. Сайлау арқылы қала басшысын таңдау ол демократияның көрінісі дейді көпшілік.
Қала аумағында барлығы 129 сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Оның ішінде 1-уі аумақтық жəне 128-і учаскелік комиссия. 110 ашық сайлау учаскесі, 18-і жабық түрде болды.
Сайлаушылардың жалпы саны 220761. Сайлау учаскесі – 129. Ашық сайлау учаскесі - 110 Жабық сайлау учаскесі – 18. Сайлаушылар саны -220761.
Семейдегі еліміз бойынша тұңғыш рет өтіп отырған қала əкімін сайлау сəтті болды дейді сарапшылар. Саяси доданың өту барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген. Соңғы жылдары еліміздегі саяси реформалар сайлау мəдениетін түбегейлі өзгертті. Əр азаматтың пікірі мен таңдауы ерекше мəнге ие дейді шаһар əкіміне таңдау жасаған семейліктер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
