Еуропалық Одақ Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын қолдайды
ЕуроОдақ Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларына да қаржылай қолдау көрсетіп, «Транкаспий» халықаралық көлік маршруты арқылы алыс-берісті арттыруға ниетті. Орталық дəліз-Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға тауар тасымалдаудың таптырмас алаңы. Дəл осы бағытпен еуропалықтар да өзінде барды Азия нарығына шығарады. С о н д а й-ақ еуропалық кəсіпкерлер «Ақтау», «Құрық» порттарымен ынтымақты күшейтіп, Қазақстандағы теміржол дəлізін кеңейту жобаларына белсенді қатысуға ынталы.
Талғат Ластаев, ҚР Көлік вице-министрі:
Осы уақытқа дейін біздің теміржол дəлізімен жүк тасымалдау уақыты 30-40 күн болатын. Қазір инфрақұрылымдық жобалардың, цифрландырудың арқасында жүк 13-15 күнде жеткізіледі. Біз оны əлі де қысқартамыз. Еуропа мен Азия арасындағы ең жақын құрлық жолы Қазақстан арқылы өтеді. Сондықтан бұл дəліз əрқашан сұранысқа ие. Біз оның əлеуеті мен мүмкіндігін пайдалануымыз керек. Сол үшін «Global gateway»форумы аясында Еуропа тарапымен бірқатар екіжақты кездесулер өткіздік.
Роман Василенко, ҚР бельгиядағы елшісі, Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі:
Орталық дəліз арқылы жүк тасымалдау көлемі артып келеді 2020 жылы бұл бағыт бойынша 860 мың тонна жүк тасымалданса, былтыр 4 ,5 млн тонна, биыл 5,2 млн тоннаға жетті. 2030 жылға қарай оны 10 млн тоннаға жеткізу жоспарда бар. Бұл əрине Қазақстанда, Əзірбайжанда, жалпы Орталық дəліз бойындағы мемлекеттерде инфрақұрылымды кеңейтуді талап етеді. Еуропалық Одақ Қазақстанды энергоресурстарды тасымалдаушы ғана емес, аса маңызды шикізат материалдарын жеткізуші сенімді серіктес ретінде бағалайды.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10