Басты Жаңалықтар Тұңғыш рет өзгенің жүрегін салдырған қазақстандық қалай өмір сүріп жатыр?

Тұңғыш рет өзгенің жүрегін салдырған қазақстандық қалай өмір сүріп жатыр?

Осы аптада Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге орай кезекті рет есеп берді. Бұл өте маңызды саладағы ахуалға, проблемаларға нұсқап материал жасау - біздің міндет.

«Дұрыс екен» дейтін жаңалықтарды тарату да - ол міндетті орындауға тырысып жүрміз. Ал жалпы, салада «бәрі адам өмірі үшін» деген концептуалды өзгерісті ел азаматтары сезе ме?..

Біз бұл жолы ағза трансплантациясы туралы материал жасаған дұрыс деп шештік. Елімізде 4300-ден аса адам ағза ауыстыруы керек. Солардың 90 пайыздан астамы бүйрекке зәру. Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы - мәйіттік трансплантация. Жыл сайын «күту парағында» тұрған 300-дей адам донор таппай көз жұмады.

Бізде ағза ауыстырудың 90 пайызы тек туыстар арасында жасалады. Батыс әлемінде, керісінше, негізінен мәйіттік трансплантация жасалады. eGov порталындағы сауалнамада 10 мыңнан аса адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісетінін айтса, 112 мыңнан астамы мүлде бас тартқан.

Иә, бұл - адамның ұстанымымен, көзқарасымен, пайымымен қабысатын күрделі мәселе. Екінші жағынан, адам ағзасын саудалайтындарға байланысты үрей бар. Бүйрегін сатамын деп ұсталғандар туралы ақпараттың өзі мұндай қара нарық жоқ деп айтқызбайды.

Дегенмен басқа адамның аман қалуына көмектесу, тағы бір адамның өмірін ұзарту деген ізгілік әңгімесін айта беруіміз керек деп есептеймін.


Бөлісу