ЕуроОдақ Қазақстанмен транзит, көлік қатынасын нығайтуға ниетті
Еліміздің көлік вице-министрі Талғат Ластаев Брюссельде өткен халықаралық «Global Gateway» форумына қатысып, Еуропалық серіктестермен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Форум барысында Еуропалық Одақ Қазақстанмен транзит және көлік қатынасын нығайтып, «Транскаспий» халықаралық көлік маршруты арқылы алыс-берісті арттыруға ниетті екенін білдірді.
Сондай-ақ жақында Еуропалық қайта құру және даму банкімен Ақтау портының өткізу қабілетін кеңейту бойынша меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта жол жобалары бойынша Еуропалық институттармен келіссөздер жүргізілуде. Орталық пен Батыс арасындағы шамамен 2 мың шақырымдық жол құрылысы жобасына инвесторлар мен сарапшылар ретінде еуропалық даму және қаржы институттары жұмылдырылмақ.
«Global Gateway» форумы аясында Қазақстан мен Еуропа тарапы транспорттық инфрақұрылымды дамыту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады», – деп мәлімдеді Талғат Ластаев.
Толығырақ 20:00-де «Апта» бағдарламасында «Qazaqstan» телеарнасының Брюссельдегі тілшісі Нұрсұлу Қасымның бейнематериалында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы