Теңізшевройл қазақстандық 8 компаниямен келісімшарт жасады
Ақтауда екінші «Мұнай-газ машина жасау» форумы өтті. Шара Халықаралық мұнай-газ машина жасауын дамыту орталығы Энергетика министрлігімен бірге ірі мұнай-газ жобалары операторларының соның ішінде «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған.
Форумға мұнай-газ саласындағы ірі операторлар, жабдық өндірушілер, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жеткізушілер қатысты. Шара барысында қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Теңізшевройл компаниясы әрқашан қазақстандық өндірушілермен жұмыс істеуді қолдауда. Нәтижесінде биыл қазақстандық қамту көрсеткіші жаңа рекордқа жетіп, 71%-ды құраған.
Көңілқош Сүйесінов, «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары:
Бүгін біз жалпы құны 150 млн доллар тұратын 8 келісімшарт жасастық, сонымен бірге 4 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат аясында біз қазақстандық компанияларды жергіліктендіру және біздің жобаларға жабдық жеткізу мәселелері жағынан дамытамыз.
Былтырғы форумда қомпания 9 жергілікті өндірушімен меморандумға қол қойған. Соның 4-уі техникалық біліктілікті сәтті аяқтап, компаниядан тапсырыстар алды. Қалғаны техникалық біліктіліктен өту кезеңінде.
Талап Захарьянов, «Newtech systems group» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директорының орынбасары:
ТШО-мен біз 7 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз және де өзіміздің жетістіктеріміздің арасында, мысалға, 3-буын зауытына біздің компания тез шешілетін оқшаулағыш жатқыштардың 100 мың данасын 3 жылда тігіп, сонда жеткізген болатын.
Теңізшевройл компаниясы 1993 жылдан бері мемлекеттік бюджетке 206 млрд доллардан астам қаржылық төлемдер жасаған. Ал қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 51 млрд доллардан астам қаражат жұмсалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
