Шекара – ел егемендігінің кепілі
Батыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2029 әскери бөлімінің құрылғанына 25 жыл толды. Республика күні қарсаңында облыстық департаментте салтанатты жиын өтті.
Егемендік жарияланып, шекара бекіген соң, оны күзететін әскери құрылымдар жасақталды. Солардың бірі еліміздің батыс қақпасы - Оралда құрылды. 2029 әскери бөлімі ширек ғасыр бойы ел тыныштығын күзетіп, шекара шебін берік қорғап келеді. Түрлі заңсыз әрекетке тосқауыл болады. Шекарашылар әрқашан жауынгерлік дайындық пен тәртіптің жоғары үлгісін көрсетіп жүр. Арнайы көрмеде қару-жарақ пен әскери техника көпшілік назарына ұсынылды. Ал салтанатты жиында жеке құрам мен сала ардагерлері құрметке бөленді. Оларға мәртебелі марапаттар мен әскери шендер табыс етілді.
Мұхтар Қанабеков, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің облыс бойынша департаменті бастығы:
Орал өңірінде 2025 әскери бөлімінің орны бөлек. Батыс қақпасы саналатын бұл өңірдің стратегиялық маңызы жоғары. Оның басты міндеті – Ресей мен арадағы мыңдаған шақырымдық мемлекеттік шекараны күзету. Заңсыз көші-қон мен контрабанданың алдын алу. Тыныштық пен тұрақтылықты сақтау.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00