Қазақстан этностарының театр өнері фестивалі басталды
Алматыда алғаш рет Қазақстан этностарының театр өнері фестивалі басталды.
Шара Ассамблеяның 30 жылдығына арналды. Мұндағы мақсат – этномәдени бірлестіктер арасында театр өнерін дәріптеп, саладағы кәсіби шеберлікті дамыту. Шығармашылық жиынға өңірлік театрлар спектакль әкелмейді. Керісінше, ондағы әртістер Алматыдағы жетекші театр қайраткерлерінен, режиссёр, актер, сценограф пен драматургтерден тәжірибе жинақтайды. Фестиваль аясында сахна тілі бойынша оқыту сабақтары, заманауи театр әдістемелерін талқылау, сондай-ақ театр өнерінің майталмандарымен еркін форматтағы шығармашылық кездесулер өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара кәсіби даму мен мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Клара Шадибекова, Шымкент қалалық Өзбек драма театрының әртісі:
Осындай фестивальдерге қатыссақ, бір-бірімізбен, басқа өнер адамдарымен тәжірибе алмасамыз, кездесеміз, танысамыз. Сахна тілі мен сахна шеберлігінен мастер класс өтеді. Келесі жолы осы ұжыммен бірге күшті қойылым алып келеміз деп үміттенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
