Түркістанда «Бекзат» премьерасы сахналанды
Түркістан музыкалық драма театры V маусымын ашты. Театр ұжымы жаңа маусым шымылдығын «Бекзат» драмалық қойылымымен түрді.
Қуат Ежембектің пьесасы негізінде қойылған бұл туындыда киелі Түркістан топырағында дүниеге келіп, Олимпиада чемпионы атанған Бекзат Саттархановтың өмір жолы бейнеленген. Биыл даңқты боксшының туғанына 45 жыл толуына орай сахналанған бұл туындыда Бекзат Саттархановтың тек шаршы алаңдағы жеңістері ғана емес, ананың алаңдаған жүрегі, әкенің үкілі үміті бейнеленген. Осылайша көрермен Бекзаттың спорттық биіктерін ғана емес, оның адами болмысын, нәзік сезімдерін, отбасылық құндылықтарын және ел алдындағы жауапкершілігін де танып білді. Басты рөлдердерді – Қадыржан Төреханов, Досымжан Арқабеков, Ақ-Сұлтан Әнуарбек сынды танымал актерлар сомдайды. Қойылым идеясының авторы – Асылхан Төлепов, жоба жетекшісі – Әйгерім Бозщина. Аншлагпен өткен премьера төрт күнге жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
