Басты Жаңалықтар Алматыда академик Шора Сарыбаевтың ғылыми мұрасы ұлықталды

Алматыда академик Шора Сарыбаевтың ғылыми мұрасы ұлықталды

Алматыда қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым, академик Шора Сарыбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конгресс өтті. Іс-шараға отандық жəне шетелдің танымал түрколог, лингвист ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары қатысты. Конгресте тіл ғылымының заманауи бағыттары, қазақ диалектологиясы мен түркітанудағы ғылыми тұжырымдамалар кеңінен талқыланды. 100 жылдық мерейтой барысында академиктің бұған дейін ешжерде жарияланбаған, жинаққа біріктірілмеген ғылыми мақалалары, жеке архив материалдарына негізделген «Филолог əлемі» атты ерекше библиографиялық еңбегі таныстырылды. Сондай-ақ, əдеби тіл қорына енбей қалған, алайда ел жадында сақталған сөздер топтастырылып, оқырманға жол тартты.

Анар Фазылжан, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры: 

Бірнеше ғылыми еңбектерді жариялап отыр. Оның ішінде шоқтығы биігі 2 томдық Шора Сарыбаевтың ғылыми шығармалар жинағы. Бұл екі томдықтың бұған дейін жарияланған еңбектерден ерекшелігі - оның бірінші томына 12, екінші томына 18, Шора Сарыбаевтің бір-ақ рет жариялаған мақалалары еніп отыр.
Бөлісу