Шаруаларды қолдауға бағытталған шаралар жалғасады
Шаруаларды қолдауға бағытталған шаралар жалғасады. Бұл туралы Ақтөбе облысының фермерлерімен кездескен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты. Қазір елімізде күзгі жиын-терім маусымы аяқталуға жақын. Егіннің 90 пайызы қамбаға құйылған. Ауа райы қолайлы болып, шаруалар мал азығын дер кезінде жинап алды. Дегенмен шаруаларды ауыл шаруашылығы техникаларының ескіруі, малшылардың жоқтығы алаңдатып отыр.
Батырбек Шәуленов, шаруа қожалығының иесі:
Лизинг негізінде беріліп жатыр. Кішкене жақсарды. Ал бұрынғы алып қойған 24,16 процентпен алынған техникалардың көбі халықтың мойнында қамыт болып, соны шеше алмай жүр. Бұл - үлкен қиындық.
Соңғы екі жылда техникаларды жаңартуға 250, өсімдік шаруашылығына 750 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ тұқым мен дизель отынын сатып алуға да көмек беріледі. Ал тыңайтқышқа 60 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Биыл 1 шілдеден бастап, бордақылау алаңдарына, ет комбинаттарына 5 пайызбен несие беріле бастады. Бір шаруашылық 3 млрд теңгеге дейін алады. Бүгінгі кездесуде өңірдің агроөнеркəсіптік кешенін дамытуға бағытталған өзге де шаралар туралы айтылды.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Президенттің халыққа Жолдауында берген тапсырмасы бар. Ол – мал шаруашылығын дамыту. Соған Ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің жоспарын жасап жатыр. Соған сəйкес алты пайызға дейінгі пайыздық мөлшерлемемен, яғни 7, 10 жылға дейін қаражат бөлінеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
