Е.Қошанов ірі мұнай-газ компанияларын отандық өндірушілерді қолдауға шақырды
Парламент Мəжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақтауда өткен «Мұнай-газ машина жасау» форумына қатысып, ірі мұнай-газ компанияларын қазақстандық өндірушілерді қолдауды күшейтуге шақырды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, отандық жəне шетелдік мұнай-газ машина жасау кəсіпорындарының өкілдері қатысты. Форумды ашқан Мəжіліс төрағасы Тəуелсіздік жылдары Қазақстан жаһандық мұнай нарығындағы жетекші елдердің біріне айналғанын атап өтті. Елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар, мұнай-химия саласы қарқынды дамып келеді. Былтырдың өзінде тек энергетика секторында жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы қызмет пен тауар сатып алу көлемі - 6 триллион теңгеден асқан. Ендігі стратегиялық міндет – сапалы тауар өндіруші экспорттаушыға айналып, ел экономикасын шикізатқа тəуелділіктен арылту.
Ерлан Қошанов, Мəжіліс төрағасы:
Алдымызда Қазақстанды индустриялық қуатты мемлекетке айналдыру міндеті тұр. Бұл мəселе Мемлекет басшысының ерекше назарында. Осы жолда Парламент заңнамалық тұрғыда қолдауды жалғастыра береді. Үкімет жұмысты сапалы ұйымдастырып, бизнес өз өнімін халықаралық стандарттарға сай бəсекеге қабілетті етуге ұмтылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, Қазақстанның экономикалық дербестігі нығаяды, халқымыздың əл-ауқаты жақсарады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
