Басты Жаңалықтар Өзбекстанда жасыл желектің 20%-ы қурап қалды

Өзбекстанда жасыл желектің 20%-ы қурап қалды

Өзбекстанда биыл көктемде егілген 137 миллион түп ағаштың 20 пайызы қурап қалған. Бұған өткен жазда ауа райының шамадан тыс ыстық болуы əсер етті. Мұнан бөлек, көшеттерді жаз бойы суғаруға 2-3 есе көп су жұмсалады, яғни тіршілік нəрін үнемдеуге мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты елде күзгі көгалдандыруға басымдық берілмек. Қыс түскенше, 125 миллион ағаш көшетін отырғызу жоспары бар. Көрші елде жасыл желектің цифрлық картасын жасау қолға алынған. Арнайы реестр құрылып, жыл соңына дейін 1 млн-дай түп ағаш туралы дерек базаға тіркеледі. Бүгінге дейін 439 500 ағаш электронды тізімге енгізілген. Осы арқылы жасыл желекті толық есепке алып, заңсыз ағаш кесудің алдын алуға мүмкіндік болады.

Лариса Тушева, мемлекеттік экологиялық зерттеу орталығының бас сарапшысы:

Жазы аптап ыстық болатын өлкеде жасыл желекті сақтау мен көбейту маңызды. Көшеттерді жаппай отырғызу жеткіліксіз екенін тəжірибе көрсетті. Климат пен инфрақұрылым жағдайын ескеруіміз керек. Биыл күзде жаңа ағаш көшеттері мен бұталарды отырғызу жалғасады. 2030 жылға қарай елде жасыл аумақтың үлесін 30 пайызға көбейту көзделген.
Бөлісу