Қостанайда дәрігерді сабаған науқас сотталды
Бүгін Қостанайда дəрігерді соққыға жыққан науқасқа сот үкімі шықты. Оқиға шілде айында болған. Ота жасап болған хирург науқастарды қабылдауды жалғастырмақ болғанда кезегін күткен ер адам ашуға булығып, медицина қызметкерін ұрып жіберген. Сот бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 34 жастағы Сарынжыповты «Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру» бабы бойынша кінəлі деп тауып, жарты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Анар Шаймұрынова, Қостанай қалалық сотының судьясы:
ҚР ҚК 114-бабы бойынша 6 айға минималды қауіпсіздік колониясында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ Саринжипов Кистановқа моральдық зиян ретінде 2 млн теңге жəне заңгерлік қызмет үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттеледі.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06