Өзбекстанда да мопедтер мен скутерлерге қатысты заң күшейтілді
Өзбекстанда мопедтер мен скутерлер мемлекеттік тіркеуден өтуге, ал иелері жүргізуші куәлігін алуға міндеттелді. Жыл басынан бері мұндай көліктер 300-ден астам жол апатын жасап, 53 адам көз жұмған.
Тағы 250-ден астам тұрғын түрлі дене жарақатын алған. Осындай статистика салдарынан ел билігі қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Қазан айынан бастап мемлекеттік нөмірсіз және жүргізуші куәлігінсіз скутер, мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Бүгінде елдің барлық аймағында екі доңғалақты көліктер мен олардың жүргізушілеріне қатысты тексерулер жүріп жатыр. Мұндай өзгеріс ең алдымен тасымалмен айналысып нәпақа тауып жүрген курьерлерге қатысты.
Жасур Умаров, кәсіпкер:
Біздің дәмханамыз көбіне тұрғындардан тапсырыс қабылдайды. Қазан айынан бастап мопед жүргізушілеріне қатысты шаралар қатаңдатылғанынан хабардармыз. Тасымалмен айналысатын курьерлердің заң талабына сай мемлекеттік нөмір мен жүргізуші куәлігін алуына баса мән беріп отырмыз.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12