Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысан ашылды
Ақтөбе облысының Алға ауданында қайтарылған активтер есебінен амбулатория ашылды. Маржанбұлақ ауылындағы жаңа медициналық нысан бір мезетте 45 адамға қызмет көрсете алады. Нысан соңғы үлгідегі құрыл-жабдықтармен толық қамтылған.
Жалпы ауданы 450 шаршы метр нысанның құрылысына 300 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Құрылыс компаниясы жұмысты уақытында аяқтады. Бұл емдеу мекемесінің ашылуын ауыл тұрғындары асыға күтті. Өйткені бұрынғы амбулатория ескі әрі тарлық ететін.
Лиман Жүнісқалиева, ауыл тұрғыны:
Қуаныштымын! Ұзақ күттік. Ақ халатты абзал жандардың келуіне жақсы болды. Тұрғындарға да, біз де осыны көптен күттік.
Емдеу мекемесінде 2 қызмет көрсету учаскесі бар. 2 дәрігерден бөлек 10 қызметкер жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік бар.
Светлана Ағзамова, дәрігерлік амбулаторияның бөлім меңгерушісі:
Бұл амбулаторияның ішінде бірнеше бөлме бар. Бізге жұмыс істеуге ыңғайлы етіп жасалған. Яғни, дәрігерге дейінгі қабылдау бөлімі бар, дәірігер қабылдау бөлімі, күндізгі стационар төрт орындық, бір қабылдағанда төрт науқасты бірден қабылдауға болады. Физиоем қабылдайтын кабинет, акушердің бөлмесі бар.
Өңірде «Ауылда денсаулықты жаңғырту» жобасы бойынша 29 медициналық нысан салынады. Олардың құрылысы кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Сондай-ақ аудан орталықтарындағы медицина мекемелері де назардан тыс қалмайды.
Ержан Мұздыбаев, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
Облысымызда үш ауруханаға жапсарлас нысан салу қарастырылған. Қазір Хромтау қаласы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алдық. Шалқар, Қандыағаш қалалары бойынша осы нысандарды жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптама қорытындысына кірді. Қорытынды жыл соңына дейін алынатын болады.
Биыл 2 млрд теңгеден астам қаржығы алыс ауылдарда
11 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың барлығы жыл соңына дейін қолданысқа
беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
