Басты Жаңалықтар Жылыту маусымы: Республика бойынша тексеріс кезінде 31 мың үйдің пешінен ақау табылды

Жылыту маусымы: Республика бойынша тексеріс кезінде 31 мың үйдің пешінен ақау табылды

Жетісу облысының Балпық би ауылында кеше иіс тиіп уланған үш баланың беті бері қарады. Мамандар тексере келе, үйдегі пештің мұржасы уақытылы тазаланбағанын анықтады. Республика бойынша жылыту маусымының алдында  тексеріс жүргізген мамандар 31 мың үйден пештегі ақауды тапқан. Сондықтан бүгінгі күнге дейін төтенше жағдай қызметкерлері жер-жерде бақылауды күшейіп, улы газдан қорғайтын дабыл құрылғыларын орнатып жатыр.

Мәдина Нағашыбай, тілші:

Облыс орталығы Қостанай қаласында осындай 20 саяжай бар. Онда 1200-ден астам отбасы тұрады. Өрттің көбі пеш жағылатын үйлерден шығады. Сондықтан қауіптің алдын алу үшін мамандар жылда үй-үйді аралап, қауіпсіздік ережесін түсіндіреді. Улы газды ерте анықтап дабыл қағатын құрылғыларды орнатады.

Соңғы екі жылда облыста 96 жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Басты себеп – қарапайым ережелер  сақталмайды. Мысалы, биылдың өзінде өңірде талап бұзған 400-ден аса жағдай тіркелген. Дені газ бен пешті дұрыс  қолданбаған. Салдарынан  иіс тиіп, өлімге әкеп соқтырған жайттар жиілеп барады.  

Нұрсұлтан Жаншурин, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

Соңғы екі жылда, өкінішке қарай, тұрғын үй секторында болған өрттен 19 адам қаза тапты. Адамның немқұрайлы қарауы, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, мұржалардың бітелуінен өрт те шығуы мүмкін, улы газбен уланған жағдайлар да болды. Акция аясында мұқтаж деген жеке тұрғын үйлер мен саяжайларда 75 мұржа тазартылды. Бұл тегін жүргізіледі.

Республика бойынша әл осал топқа жататын 36 мыңнан астам үйге улы газдан қорғайтын дабыл қондырғысы орнатылған. Мамандардың айтуынша үйдің мұржасы жылыту маусымы алдында міндетті түрде тазалануы керек. Бұған тұрғындардың өздері мүдделі болуы тиіс. Мамандардың айтуынша, үйдің мұржасы  жылыту маусымы алдында міндетті түрде тазалануы керек. Бұған тұрғындардың өзі мүдделі болуы тиіс.

Татьяна Терехова, қала тұрғыны:

Пештің мұржасын тазарттым. Екі баламның қауіпсіздігі мен үшін бәрінен маңызды. Көмір мен ағаш, отынды ертерек сатып алып қойдық. Тамыз айынан бастап от жағамыз. Себебі біздің өңірде бұл айда түн суи бастайды.

Жергілікті төтенше жағдайлар қызметкерлері әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үйлерін аралап, 7 мыңнан аса отбасыны есепке алды. Барлығы 1200-ден астам дабыл құрылғысы орнатылды.

Азамат Сабыржан, Қостанай облысының Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 26 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталды. Көмір отын қоры 431 мың тонна. Қазіргі таңда шамамен 350 мың тоннасы облыста дайындалған. Бұл шамамен 80 пайызды құрайды. Жеткізетін мердігерлермен шарт жасасып, олар бекітілген кестесі арқылы жеткізіп отырады.

Энергетика басқармасының мәліметніше,  жылдан-жылға көмірге сұраныс азайып келеді. Себебі елді мекендерге табиғи газ тартылып жатыр. Былтыр облыс тұрғындары 1 млрд куб көгілдір отын тұтынған. Ал төтенше жағдайлар қызметінің мамандары көмірдің сапасына аса мән беру керек дейді. Себебі күлі  көп, қызуы жоқ қатты отын ұзақ жанып, улы газ бөледі.


Бөлісу