«7-20-25» бағдарламасына өзгеріс енгізілді
Елімізде баспана бағасының қымбаттануына байланысты Ұлттық банк жеңілдетілген ипотека аясындағы ең жоғары сома шегін көтерді. Яғни «7-20-25» бағдарламасы аясында сатып алынатын тұрғын үйдің банк беретін қарыз сомасы қайта қаралды. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалалары мен қала маңы аймақтарында шекті сома 25 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін артты. Қарағанды қаласында 20 миллионнан 25 миллион теңгеге, ал басқа өңірлерде 15 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін көтерілді.
Құндыз Ахметкәрімова, ҚР Ұлттық банкінің Қаржы ұйымдарын дамыту департаментінің бас маманы:
Енді қарыз алушы төлем қабілетін растау үшін қарыз алушымен қатар кепілгерді де тарта алады. Сонымен қатар басты талаптардың бірі – тұрақты әрі ресми түрде расталған табыстың болуы. Бұл өзгерістер тұрғын үйдің қолжетімділігін кеңейтуге және ипотекалық шарттардың икемділігін арттыруға бағытталған.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12