Алматыда егеуқұйрық өріп жүр
Алматыда егеуқұйрық көбейіп кетті. Әсіресе қоқыс жәшіктерінің айналасында қаптаған кеміргіштер адамнан да қорықпайды дейді тұрғындар. Куәгерлер оларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеп жатыр. Зиянкестер тек көпқабатты үйлердің аулаларында емес, орталық көшелер мен саябақтарда, тіпті балалар алаңдарында да байқалған.
Кеміргіштердің көбейгенін қала билігі де растап отыр. Қазір мегаполисте залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар әр үйді аралап, тұрғындарға кеміргіштерге қарсы у таратып жүр. Дезинфекция барлық 8 ауданды қамтиды дейді жауапты компания өкілдері.
Серікбай Ахметов, залалсыздандырушы компанияның маманы:
Қазан айының аяғына дейін аяқтаймыз. Дәл қазіргі уақытта біз Алатау ауданы, Жетісу, Медеуді аралап шықтық. Бәріне таратып жатырмыз. Жылына екі мәрте көктемде және күзде егеуқұйрық, тышқандарға қарсы осылай таратамыз. Мұның ешқандай тауыққа, адамға, итке, мысыққа зияны жоқ.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14