Павлодар облысында үй құстары әлі қырылып жатыр
Павлодар облысында үй құстары әлі қырылып жатыр. Бір айдан астам уақыт өтсе де, қанаттылардың неден өлгені әлі күнге дейін белгісіз. Жергілікті мамандар енді ветеринария саласына жауапты орталық органдардан көмек күтеді.
Болат Аманбаев, тілші:
Аймақта үй құстарының өлімі кезек-кезегімен бес ауданда тіркелді. Бірақ көрші тұрған емес, бір-бірінен алшақ орналасқан елді мекендер. Содан бері бір айдан асты. Бірақ аурудың себебі әлі анықталған жоқ.
Ғалым Бейсеуов, Павлодар облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Қыркүйектің 3-нен бастап облыста 5 ауданда құс өлімі тіркелді. Бүгінгі таңда екі ауданда тоқтады. Үш ауданда құс өлімі әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 2256 бас құс өлімі тіркелді. Біз референдтік орталыққа сынамаларды жібердік. Бүгінгі таңда нәтижелері келген жоқ. Қандай ауру екені белгісіз.
Болат Аманбаев, тілші:
Үй құстары ғана емес, аймақ ветеринарлары дала құстарын да атып алып, сынамаға жіберген. Себебі ауру солардан жұқты деген күдік бар. Алайда республикалық зертхана әлі күнге дейін нәтижесін айтқан жоқ. Мәселен, ветеринариялық зерттеу протоколы бойынша сынама қорытындысы 7 күнде, ары кетсе, он күнде дайын болуы керек. Бүгінгі күні бір емес, үш мәрте нәтиже шығаратындай мерзім өтті. Облыстағы ветеринарлық басқарма, ветеринарлық инспекция, ветеринарлық станция мамандары аң-таң. Республикалық органдардан көмек күтеміз дейді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысан ашылды
09.10.2025, 20:02

Жетісу облысында иіс тиіп уланған 3 баланың беті бері қарады
09.10.2025, 19:59
Қазақстанда 350 мың адам жүйелі түрде құмар ойындарын ойнайды
09.10.2025, 19:55
Елімізде 320 мың адамның қан айналымы жүйесі бұзылған
09.10.2025, 19:52
Taldau forum: Қазақстанның даму жолы талқыланды
09.10.2025, 19:52
Түркістан облысында инвесторларды тарту арқылы 50 инвестициялық жоба іске асты
09.10.2025, 19:44
«7-20-25» бағдарламасына өзгеріс енгізілді
09.10.2025, 19:44
Табиғат жанашырлары оқушыларға дәріс оқыды
09.10.2025, 19:41