Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің «Айтыстар» атты жаңа кітабы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің «Айтыстар» атты жаңа кітабы шықты

05.12.2018

Елге белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің «Айтыстар» атты жаңа кітабы шықты. Жинақтың тұсаукесері Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті.

Салтанатты шараға танымал ақын Жүрсін Ерман бастаған ұлттық өнердің жанашырлары мен айтулы айтыскерлер қатысты. Олар жырдан шашу шашып, жиналғандарды қазақ халқының төл өнерімен сусындатты. Аталған туындыда қазақ айтысын жаңа деңгейге көтеріп, «Айтыс өнерінің феномені» атанған Мұхамеджан Тазабектің әр жылдардағы үздік айтыстары жинақталған. Ақтаңгер ақынның ұлағатты шумақтары мен орамды ойлары берілген. «Бұл - жас ақындарға таптырмас қазына», дейді өнер жанашырлары. Өйткені, айтысты теледидардан көрген бөлек. Ал, сахнада айтылған сөздің салмағын көзбен оқып, санаға тоқудың жөні басқа.

Жүрсін Ерман, ақын, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағының басқарма төрағасы:

- Мұхамеджанның мұрасы - өзінің жеке ғана мұрасы емес, қазақ айтыс өнерін құрметтеушілеріне, жаңашырларына, барлығына тиетін үлкен олжа деп білемін.

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу