Импортқа тәуелділік азаяды
Сүт, қант, шәй өнімдеріне импорттық тәуелділік жоғары. Өз өнімімізді өндіру үшін инвестициялық жобалардың маңызы зор. Президент Жолдауына қатысты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты орталығының директоры Дінмұхаммед Ғали осылай деп пікір білдірді. Бүгін институт өкілдері жолдауды талқылап, мән-маңызына тоқталды. Олардың пікірінше, Жолдауда халықтың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға басымдық берілген. 202 инвестициялық жоба сәтімен жүзеге асса, ел экономикасының айтарлықтай өсуіне септігін тигізеді. Импортқа тәуелділікті азайтып, өз өнімімізді өндіруге жол ашады деді Дінмұхаммед Ғали.
Дінмұхаммед Ғали, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты орталығының
директоры:
Президент Жолдауында азық-түлік инфляциясы өте жоғары екенін айтты. Оның ішінде шет елден келген өнімдерге тәуелділік бар екенін көреміз. Ірімшік, сүзбе бойынша тәуелділік 80 пайызға жеткенін көріп отырмыз. Осыған байланысты мемлекет тарапынан осыған арнап 202 инвестициялық жоба дайындалып жатыр. Мақсаты – импортқа тәуелділікке үлесі жоғары өнімдерді өзіміздің Қазақстанда шығару.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15