Басты Жаңалықтар «7-20-25» бағдарламасы өзгертілді

«7-20-25» бағдарламасы өзгертілді

Елімізде баспана бағасының қымбаттануына байланысты Ұлттық банк жеңілдетілген ипотека аясындағы ең жоғары сома шегін көтерді. Яғни, «7-20-25» бағдарламасы аясында сатып алынатын тұрғын үйдің банк беретін қарыз сомасы қайта қаралды.

Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалалары мен қала маңы аймақтарында шекті сома 25 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін артты. Қарағанды қаласында 20 миллионнан 25 миллион теңгеге, ал басқа өңірлерде 15 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар енді қарыз алушы кепілгер тартып, оның да төлем қабілеті расталуы тиіс. Бұл өзгеріс ипотеканы рәсімдеуді жеңілдетіп, тұрғындардың баспана алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталып отыр. Ал қарыз алушының табысының тұрақты болуы несиеге өтінім берген кезде басты шарттардың бірі саналады.


Бөлісу