Түркістан облысы, Созақ ауданында «Келешек мектеп» салынды
Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп ғимараты апатты деп танылған соң, орнына жаңа білім ошағы салынды. Заманауи ғимарат білім сапасын жақсартуға ықпал етпек. 900 оқушыға арналған жаңа мектепте қазір 1300-ден астам бала екі ауысымда білім алуда. Ғимараттың басты ерекшелігі – білім беру үдерісіне барынша қолайлы жағдай жасалғаны. Кең әрі жарық сынып бөлмелері, заманауи жиһаздар мен оқыту құралдары, қауіпсіздік жүйесі және инклюзивті ортаға бейімделген инфрақұрылым – бәрі де оқушылардың сапалы білім алуына бағытталған. Білім ордасында 64 оқу кабинеті, спорт залы, акт залы және асхана толық жабдықталған.
Серғали
Мәлікайдаров, Ы.Алтынсарыин атындағы мектептің директоры:
Қазіргі таңда мектептерде үйірмелер жұмыс жасап жатыр біршама. Оның ішінде робототехника, stem-кабинеттері, домбыра, шахмат үйірмелері, қолөнер шеберханалары, осылар жұмыс жасап, оқушылар түрлі үйірмелерге белсенді тартылуда.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06