Мәдениет және ақпарат министрі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті
Үкіметтік емес ұйымдар қайырымдылық қорлары туралы ашық ақпаратты қамтитын бірыңғай платформа құруды ұсынды. Жаңа жүйеге ұйымдардың қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен жобаларды іске асыру кезеңдері жайында есеп салынып отырады. Бұл туралы Астанада Азаматтық форум қарсаңында өткен іс-шарада айтылды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысқан жиында азаматтық жауапкершілікті арттыру, волонтерлікті дамыту және даулы мәселелердің алдын алу үшін медиация тетіктерін енгізу мәселелері де талқыланды. Айта кетсек, Мемлекет басшысы үкіметтік емес ұйымдар туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырған еді. Осы мақсатта жуырда ұйымдар мен өңірлік сарапшылардан құралған арнайы жұмыс тобы жасақталды.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17