Алаяқтар автокөлік иелерін де алдай бастады
Автокөлік иелері де интернет-алаяқтардың құрығына түсе бастады деп хабарлайды Полиция қызметкерлері. Яғни, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұл жіберетін алаяқтықтың жаңа түрі тіркелген. Олар электронды пошта немесе мессенджер арқылы хабарлама жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және «айыппұлды төлеуге арналған» сілтеме көрсетіледі. Алайда бұл – фишинг шабуылы. Егер адам банк картасының дерегін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді.
Әнес Қалдыбаев, қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:
Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда таралу қаупі бар. Ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және ешқашан төлем жасауға қандайда бір сілтемелер жіберілмейді. Айыппұлдарды eGov.kz, qamqor.kz сайттарынан немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады. Егер карта деректерін енгізіп қойған болсаңыз, дереу картаңызды бұғаттап, банкке және полицияға яғни «102» нөміріне хабарласыңыз.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17