Авторлық қаламақы жаңа ережелерге сай төленеді
Елімізде авторлардың қаламақысы жаңа ережелерге сай төленбек. Бүгін Мәжіліс тиісті заңды екінші оқылымда мақұлдады. Қазір қоғамдық ұйымдар әкімшілік шығындары үшін табыстың 30 пайызын ұстап қалып, қалған 70 пайызын авторға төлейді. Ал жаңа норма күшіне енсе, 80 пайызын беруге міндеттеледі. Осы талаптың орындалғанын тексеру үшін бірыңғай электронды цифрлық платформа да құрылмақ. Онда қаламақының сомасы, оның қай уақытта төленгені, автор мен қоғамдық ұйымдар арасындағы келісімшарт жайлы ақпарат жүктеледі.
Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өкінішке қарай, барлық келісімшарт қағаз жүзінде жүргізіліп отыр. Қанша келісімшарт бар, қай жерде жасалғанынан хабардар емеспіз. Енді өздеріңіз ойлап қараңыздар, 1,7 млрд-тың 920 милионы, яғни 53 пайызы ғана сыйақы ретінде берілген. Ал цифрлық платформалар осының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00