Басты Жаңалықтар Жас ғалымдардың өнертабысы кәсіпорындарда қолданылады

Жас ғалымдардың өнертабысы кәсіпорындарда қолданылады

Ақтөбелік ғалымдардың өнертабысы кәсіпорындарда қолданылады. Өңір басшылығы оларға ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Жаңа стартап жобаларға да жол ашық. Облыс әкімі жас ғалымдармен кездесіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде айтып берді.

Бұған дейін Ақтөбе өңірлік университетінің жанынан облыс әкімдігінің қолдауымен ғылыми-зерттеу орталығы ашылған еді. Бұл жерде жас ғалымдар өздерінің идеяларын одан әрі дамытуға мүмкіндік алды. Бірнеше жоба қазірдің өзінде өндірісте қолдануға дайын. Оның ішінде  техногендік қалдықтарды қайта өңдеу жобасы да бар. Яғни, ферроқорытпа зауытынан шығатын қалдықтардан төрт түрлі өнім алынады.

Ербол Шабанов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры:

Ол хром консентранты, металл концентраты, микросилика және магний тұзы. Бастапқы екі материал зауыттың өзіне дайын өнім ретінде қайтарылады. Ал қалған микросилика жол өндірісіне, яғни кремний оксиді, ұнтақ. Магний тұздары - әртүрлі отқа төзімді материал жасайтын шикізат.

Озық ойлы жас ғалымдармен бүгін облыс әкімі арнайы кездесіп, өңірдің инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктері және атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Сондай-ақ экономиканы дамытуға серпін беретін  жобаларға әрқашан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бір жыл бұрын облыс әкімдігі жанынан ғылыми кеңес құрылды. Яғни, ғылым мен жергілікті билік арасында тығыз байланыс қалыптасып үлгерді.

Досжан Әлібеков, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

Хромтау ауданында флотациялық фабрика «ЕРДЖ Грин» компаниясымен іске қосылды. Нәтижесінде хром қалдықтарын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Университтер тарапынан биохимиялық және молекулалық лабораториялар осы жылы іске қосылды. Одан бөлек үш лаборатория ашу жоспарда бар.

Өңір басшысы жаңа технология мен жасанды интеллектіні қазірден бастап тиімді қолдану қажеттігіне арнайы тоқталды. Кездесу барысында жас ғалымдар медицина, энергетика және өзге де салалар бойынша зерттеу жұмыстары табысты жүріп жатқанын айтты.


Бөлісу