Алаяқтар автокөлік иелерін де алдай бастады
Автокөлік иелері де интернет-алаяқтардың құрығына түсе бастады деп хабарлайды полиция қызметкерлері. Яғни, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұл жіберетін алаяқтықтың жаңа түрі тіркелген. Олар электронды пошта немесе мессенджер арқылы хабарлама жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және «айыппұлды төлеуге арналған» сілтеме көрсетіледі. Алайда бұл – фишинг шабуылы. Егер адам банк картасының дерегін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді.
Әнес
Қалдыбаев, Астана қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:
Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда таралу қаупі бар. Ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және ешқашан төлем жасауға қандайда бір сілтемелер жіберілмейді. Айыппұлдарды egov.kz, qamqor.kz сайттарынан немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады. Егер карта деректерін енгізіп қойған болсаңыз, дереу картаңызды бұғаттап, банкке және полицияға, яғни 102 нөміріне хабарласыңыз.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05