Ашхабадта Қазақстанның мәдени күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ашхабадта Қазақстанның мәдени күндері өтті

05.12.2018

Шараға Маңғыстаудан 150 өнерпаз қатысты. Өңірге танымал әнші, бишілер, күйшілер мен жыршылар көрші елде қазақтың ұлттық өнерін дәріптеді. Бауырлас халық сахна саңлақтарының ән-күйін де, биін де зор қошеметпен қарсы алды. Ал, сол елдегі қандастарымыз елге, туған жерге деген сағынышын басты. Екі елдің өнерпаздары бірігіп те өнер көрсетті. Сонымен қатар, Маңғыстау жәдігерлері қойылған көрме ұйымдастырылды.     

Несібелі Құлсариева, Ашхабад қаласының тұрғыны:

- Қателеспесем, мұндай концерт осыдан 4 жыл бұрын болды. Сондықтан, қазақтар бір-бірімізге хабар беріп, түгел келдік. Өзім жыр тыңдағанды ұнатамын. Екі елдің Президентіне алғыс айтқым келеді. Осындай шаралар жиі болып тұрса дейміз.

Мақсат Сқақов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

- Ұлттық музейде біздің салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, тарихымызды дәріптейтін шара өтті. Барлық елшілер қатысты. Өнерімізді паш еттік. 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу