Ақтауда «Turkісskills – 2025» аясында ұлттық тағамдар көрмесі өтті
Ақтауда «Turkісskills – 2025» бірінші халықаралық шеберлік чемпионаты аясында жергілікті колледж студенттері дайындаған ұлттық тағамдар көрмесі өтті.
Түркі елдерінен келген делегаттарға жастар өздері ойлап тапқан инновациялық өнімдерді ұсынды. Атап айтқанда, шұбат коктейльдері, ірімшік қосылған балмұздақ, тары мен балқаймақ араласқан чизкейк, талқаннан дайындалған «makarons» өнімдері, түйе сүтінен жасалған сары қант сияқты ерекше тағамдар көпшілікті қызықтырды. Көрмеге студенттер өндірген балық өнімдері де қойылды. Халықаралық шара түркі әлемінің мәдени мұрасын дәріптеп, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар өңірдің туристік әлеуеті таныстырылды.
Дәуірбек Манарбай, Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі балық өндірісі мамандығының 3-курс студенті:
Бүгін біз халықаралық көрмеге осындай, бұл ысталған кефаль өнімі. Бұның барлығын біз өзіміздің колледжімізде өндіреміз. Ал бұл томат пастасындағы шабақ өнімі. Біздің колледжде барлығы заманауи үлгідегі жабдықтар. Балықты басталғаннан соңына дейін, осындай өнімге жеткенше дейін дайындайтын материалдар барлығы жабдықталған.
Жәния Сармурзина, Маңғыстау туризм колледжінің директоры:
«Эль трэвел» деген өзімізде туристерге арналған жобамыз бар. Ол да біздің студенттерден құралған. Осы Маңғыстаудың көрікті жерлерінің маршрутын сызып жатыр. Колледж қабырғасында салынып тұрған суреттердің барлығын да QR тұр, солардың барлығын біз цифрлап, Маңғыстау өңіріне келген қонақтарымыздың баратын локацияларын жеңілдету, бір жүйеге қарай жинақтау – біздің басты мақсатымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
