Қостанай облысы көшелеріне SOS батырмасы орнатылуда
Қостанай облысында кез келген тәртіп бұзушылықты дереу жеткізіп, полиция шақыруға мүмкіндік беретін 7 SOS батырмасы орнатылды. Олар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға қойылған. Оқыс жағдай бола қалса, кез келген азамат тікелей жедел басқару орталығымен байланысып, мән-жайды жеткізе алады. Мұндай батырмалар әзірге Қостанай, Рудный, Жітіқара қаласында бар. Пилоттық жоба құқық қорғау саласын цифрландыру аясында жүзеге асып отыр.
Айдын Қуандықов, облыстық ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инженері:
Мұндай дабыл батырмаларын қоғамдық жерлерге орнаттық. Қостанай қаласында аялдамалардың бірі мен ЖОО-ның алдында тұр. Жыл басынан бері барлығы 13 қоңырау келіп түсті. Олардың көбі тәртіп бұзғандар. Жақсы нәтиже көрсетсе, өзге аудандарға да орнатамыз.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06