Елбасының Қарағанды өңіріне жасаған жұмыс сапарлары туралы кітап жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының Қарағанды өңіріне жасаған жұмыс сапарлары туралы кітап жарыққа шықты

04.12.2018

«Сарыарқа төсіндегі кездесулер». Дәл осындай атпен бүгін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Қарағанды өңіріне жасаған жұмыс сапарлары туралы жазылған кітап оқырманға жол тартты. Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында өткен шараға облыс басшылары, Елбасының бұрынғы әріптестері, курстастары қатысты. Жаңа жинақта жұмыс кеңестерінің стенограммалары мен баспасөзге жарияланған мақалалар қамтылған. Қарағанды облысы - Мемлекет басшысы жастайынан еңбекке араласып, саяси қайраткер ретінде қанаттанған өңір. Қарапайым металлургтен ірі басшыға дейінгі жолды жүріп өтіп, өмірдің барлық қиындықтары мен алуан түрлілігін танып білді. Сол кездері Елбасының жанында жүріп, барлығына куә болған замандастары мерекелік жиын барысында жастарға тағылымды естеліктерін айтты.

Қуаныш Омашев, Президенттің курстасы:

- Кітап маған ұнады. Оның авторлары осы музей қызметкерлері, жергілікті журналистер. Елбасының жүрген жерлері, басқан іздері осы кітапта айқын көрсетілген. Біз қуаныштымыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу