Риддердегі көпсалалы аурухана желтоқсанда салынып бітеді
Шығыстағы Риддер қаласындағы заманауи үлгіде саланып жатқан көпсалалы аурухана биыл желтоқсанда пайдалануға беріледі. Бұл медициналық мекеменің іргетасы 2022 жылы қаланған. Алайда құрылыс тең ортасына келгенде қаржы тапшылығынан 2 жылдай тоқтап қалған. Дегенмен Үкіметтің көмегінің арқасында биыл жұмыс қайта жалғасты. Ал кеншілер шаһарындағы қазіргі аурухана апатты жағдайды тұр.
Салынғанына 60 жыл болған аурухана тек жамап-жасқағанның арқасында тұр. Сырты мүжілген. Жарық пен жылу жүйесі бұзылған. Қазір хирургия, травмотология, реанимация мен гинекология және перзентхана бөлімдері бір ғимаратта қыстырлып отыр.
Марат Баянбаев, Риддер қалалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:
Бірнеше операция болып қалады. Ол кездерде келесі операция біткенше тосып қаламыз. Кейде көп аурулар болғанда дәлізде де жатып қалады.
Дәлізде жатқызбас үшін дәрігерлер науқастарды Өскеменге жібереді. Тек шұғыл оперция жасалатындар ғана ауруханада қалады. Дегенмен қазір жаңадан салынып жатқан көпсалалы аурухана пайдаға берілуге жақын. Төрт ғимарттан тұратын медициналық мекемені салу үшін түрлі бюджет көзінен 35 миллирдқа жуық теңге бөлінді.
Әсем Ағажаева, Риддер қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:
2025 жылдан бастап, Риддерде салынып жатқан мектеп пен аурухананың құрылыс қарқыны қалай болып жатқанын білу үшін қоғамдық кеңес мүшелері апта сайын келіп тұрамыз. Қазір жұмыс өте жақсы жүріп жатыр. Біздің қала кішкентай. Егер құрылыс тоқтаса, бірден білінеді. Осы қарқыннан жаңылмаса, уақытында пайдалануға беріледі.
Аурухана құрылысын уақытында аяқтау үшін жұмысшылар 2 ауысыммен тоқтсаусыз істеп жатыр. Қазір емхана бөлігінде медициналық жабдықтар қойылып, кіреберіс бөлігі реттелді. Ал стационар ғимараттың сыртқы қасбеті әрленіп, терезе орнатылды.
Әсет Сұлтанов, мердігер компания өкілі:
Өздеріңіз көріп тұрсыздар, мына ауруханада жұмыс қызу қайнап жүріп жатыр. Бүгінгі уақытта тек қана мына нысанның басында 260 адам жұмыс жасап жатыр. Желтоқсан айында бұл нысан тапсырысқа берілетін болады. Ешқандай мәселе жоқ.
Көпсалалы аурухана пайдалануға берілгенде қосымша медицина қызметкерлері де жұмысқа қабылданады. Бірақ қазірдің өзінде Риддерде оннан аса маманның орны бос тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
