Жазушы Жабал Ерғалиевтің «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш» атты кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Жабал Ерғалиевтің «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш» атты кітабы жарыққа шықты

04.12.2018

Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш» атты кітабының тұсаукесері өтті. 488 беттен тұратын бұл кітап үш бөлімнен құралған.  Бірінші тарауда автордың басылымдарда жариялаған мақалалары, екінші бөлімде Елбасының түрлі жиындарда, жоғары мінберлерден  сөйлеген сөздері жинақталған. Ал, үшінші тарау жазушының Елбасы туралы айтқан кесек-кесек ойларын қамтиды. Тың туынды қаланың барлық кітапханаларына таратылмақ.  

Серік Жетпісқалиев, жазушы, «Көкшетау» газетінің бас редакторы:

- Әртүрлі кезеңдердегі тарихи оқиғаларға байланысты, Елбасының жаңа құжаттары, жаңа Жолдаулары, жаңа шыққан мақалалары туралы дер кезінде жазылған материалдарымен құнды. Оқығандағы алғашқы пікір, алғашқы әсер үстінде жазылғандықтан, шынайылығымен құнды деп ойлаймын. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу