Пол Ким: ЖИ көмегімен білім саласын жаңа деңгейге көтеруге болады
Дәл осы Digital Bridge форумы аясында 120-дан астам пленарлық отырыс өтті. Оған 70-ке жуық отандық және халықаралық сарапшы қатысты. Олар түрлі салаға жасанды интеллектіні енгізудің жолдарын қарастырды. Арнамызға сұхбат берген Стэнфорд университетінің техникалық директоры Пол Кимнің айтуынша, қазір ескі әдістемелермен балаларды оқыту жеткіліксіз. Жасанды интеллектіні ұтымды қолдану арқылы, білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге болады - дейді.
Пол Ким, Стэнфорд университетінің білім беру мектебі деканының орынбасары және техникалық директоры:
Менің ойымша, жасанды интеллект білім беруде студенттерге жеке коучинг құралы бола алады. Ол олардың қызығушылықтары мен сүйікті пәндерін болашақ мамандығымен байланыстырып, білімді жекелендіруге жол ашады. Бұл әрбір оқушының жеке қажеттілігін қанағаттандыруда шешуші рөл атқарады деп сенемін. Форум аясында бұл тақырыпты жан-жақты зерттеп, жаңа мүмкіндіктерін талқылап жатырмыз.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29