Сотқа дейінгі банкроттық рәсіміне өзгерістер енгізілді
Сотқа дейінгі банкроттық рәсіміне өзгерістер енгізілді. Жаңа қаулыға сай борышкер банкроттық рәсімді өз қалауы бойынша, себебін көрсетпей-ақ тоқтата алады. Бұрын азамат өзінің қаржылық жағдайы реттелгенін дәлелдеу керек болатын. Сондай-ақ, банкроттық рәсімі тоқтатылса, оны қайта бастау мүмкіндігі тек алдағы алты айдан кейін қарастырылады. Бірақ бұл жаңа ереже 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімдерге қолданылмайды. Жаңартылған өтініш формалары мен рәсімдер eGov порталы мен мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Жаңа өзгерістер құжат жинаудың жүктемесін азайтады. Одан бөлек, бұрын кейбір қаржылық ұйымдар, коллекторлық агенттіктер банкроттық шеңберіне кірмейтін еді, енді олар да жаңа ережені қабылдауға міндетті. Банкроттық мәртебесі бар борышкер 5 жыл ішінде кейбір несие алу мүмкіндігінен шектелуі ықтимал. Бірақ бұл өзгерістер қарыздан құтылуға ниетті азаматтар үшін пайдалы болмақ.
Меруерт Сисембаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:
Банкрот статусын алған азаматтардың саны – 42875-тен асады. 92 млрд сома олар бойынша кешіріліп тұр. Көбі білмей жатыр, бюджеттен бұндай ақшаны қаржылық ұйымдарына кім толтырады деп сұрайды? Ешкім толтырмайды. Бұл енді қаржылық ұйымдарының өз тәуекелі. Бұл заң талабы болғаннан кейін қаржылық ұйымдары мұны орындауы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
