Басты Жаңалықтар Мектептердегі тамақтандыру сапасын меморгандар толық бақылауы мүмкін емес

Мектептердегі тамақтандыру сапасын меморгандар толық бақылауы мүмкін емес

Мектептердегі тамақтандыру сапасын мемлекеттік органдар толық бақылауда ұстай алмайды. Бұл туралы осы тақырыпқа арналған брифинг кезінде денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері айтты. Ескертусіз тексеру кәсіпкерлік кодексіне қайшы келеді. Ал жоспарлы немесе арыз бойынша тексеру үшін алдын ала хабарлама жіберу міндет. Сондықтан асханадағы тамақ сапасын бақылау мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің мойнына жүктеледі. Сондай-ақ стандарттардың сақталуы тамақтануды ұйымдастыратын кәсіпкердің адалдығына тікелей байланысты дейді мамандар.

Ақмарал Мақұлбекова, Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы:

Бұйрықта тамақтану сапасын бақылау білім ұйымының басшысы белгіленген және соның жауапкершілігінде. Яғни мектептегі мониторингтік комиссия сапаны күнделікті бақылап отыруы керек және айдың соңында оны қорытындылап отыруы керек.

Жаңа оқу жылынан бастап білім ошақтарында тамақтандырудың жаңа стандарттары енгізілгені белгілі. Ас мәзіріндегі қант пен тұздың мөлшері азайтылса газдалған сусындар, фаст-фуд және басқа да денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін тағамдар мәзірден мүлде алынып тасталды. Олардың қаншалықты сапалы екендігі ыдыста қалған қалдықтың мөлшеріне байланысты анықталмақ. Қазір 43 мектеп пилоттық режимде есептеуді бастаған. Ал барлық мектептерге енгізу үшін тамақтануға берілетін үзілістің ұзақтығы, қай сабақтан кейін берілетіндігі ел бойынша теңестірілуі тиіс.

Гүлшарат Қожатова, ДСМ Санэпидомиологиялық бақылау колмитетінің басқарма басшысы:

Бұл реформа жайлап қалпына келеді. Баланың қасында сынып жетекшісі тұрып, балаға түсіндіріп. Ол бала ол тамақты үйінде жемеуі де мүмкін. Жеміс-жидек жемеуі мүмкін. Бір көрген тамақты кей бала жей салмайды. Сондықтан баланы жайлап үйрету керек. Мен айтқан факторлардың барлығын ескеріп, егер көп бала ол тамақты жегісі келмейді деген баға берілсе мәзірді ауыстыруға мүмкіндік бар. 


Бөлісу