Басты Жаңалықтар Алдағы 5 жылда құны 15 млрд доллардан асатын 6 жоба іске асады

Алдағы 5 жылда құны 15 млрд доллардан асатын 6 жоба іске асады

Астанаға әлемнің 50-ден астам елінен 300-ден аса компания, 2,5 мың делегат жиналды. Олар Kazakhstan Energy Week-2025 XVI Еуразиялық Kazenergy форумына қатысып жатыр. Бүгін пленарлық отырысқа Премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, жиналғандарға Мемлекет басшысының үндеуін жеткізді. Үндеуде экономика, ғылым-білім, инновация, озық технология сынды стратегиялық маңызы бар салалардың дамуы, қуат көздерінің қолжетімді болуына тікелей байланысты екені, сондықтан елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен дербестігін нығайта түсу үшін ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқаны айтылған. Сондай-ақ осы маңызды іске халықаралық серіктестеріміз зор үлес қосып жатқаны, Қазақстан энергетика саласына инвестиция тартуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға баса мән береді, - делінген.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Еліміз жауапкершілігі жоғары орта держава ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, МАГАТЭ және ОПЕК сияқты беделді халықаралық ұйымдармен байланысын бекемдей түсуге мүдделі. Форум аясында энергетика саласын өркендетуге жол ашатын тың идеялар мен жасампаз бастамалар ұсынылады деп сенемін, - Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Премьер-Министр форумға қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан ірі энергетикалық жобалар туралы да айтты. Мәселен, мұнай-газ химиясында жалпы қуаты 500 мың тонна болатын полипропилен зауыты іске қосылды. Сондай-ақ жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін жоба жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, бутадиен, карбамид өндіру жобалары қолға алынды. 2030 жылға дейін жалпы құны $15 млрд-тан асатын 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.


Бөлісу