Теміртау қаласында «Таза бейсенбі» акциясы өтті
Қарағанды облысы Теміртау қаласында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Шараға «Amanat» партиясының мүшелері мен «Qarmet» компаниясының қызметкерлері қатысты. Олар қаладағы «Еңбек Даңқы» саябағын қоқыстан тазартып, қураған жапырақтарды жинады. Акция барысында 1 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Апта сайын үздіксіз өтіп келе жатқан акцияға әрбір аудан, ауылдар да белсенді қатысуда. Мұндай бастама еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастырады дейді табиғат жанашырлары.
Анисья Песчальникова, «Qarmet» компаниясының қызметкері:
Жоспар бойынша бүгін «Еңбек Даңқы» саябағында тазалық жұмысын жүргізіп жатырмыз. Осы акция басталғалы айналамыздың тазалығына мән бере бастадық. Тіпті қоқысты шашпай, сұрыптауға тырысамыз. Акцияның басты мақсаты да осы деп ойлаймын.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25