Басты Жаңалықтар Өскеменде жасөспірімдер арасында қылмыс көбейді

Өскеменде жасөспірімдер арасында қылмыс көбейді

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында бұзақылық көбейіп барады. Тек биыл 64 қылмыс тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 45 пайызға көп. Облыстық Полиция департаментінің мәліметі бойынша жасөспірімдер тәртіпсіздікті негізінен колледж бен мектеп аумағынан тыс жерде жасайды. Қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың 96 пайызы мектеп оқушылары мен колледж және жоғарғы оқу студенттері. Келеңсіз жағдайды болдырмау үшін өңірде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 5824 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 313 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша жіберілді. Ал 65 адам ата-ана құқығынан айырылды. Тағы 200 жасөспірім есепке қойылды. Жедел іс-шара барысында мектеп, колледж және университте 5 мыңнан астам құқықтық дәріс өткізілді.


Бөлісу