Балқаш қаласында инфрақұрылым толық жаңартылуда
Балқаш қаласында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл 25 шақырым жылу магистралі мен 20 шақырымнан астам су құбыры ауыстырылды. Осыдан 2 жыл бұрын барлық желілер 90% тозып тұрған еді. Қазір апаттар да азайып, біршама жақсарған. Құбырлар үш жылдық жоспар бойынша кезең-кезеңімен ауыстырылуда.
Балқаш қаласында 2023 жылдан бері инженерлік желілер ауқымды түрде жөнделуде. Мәселен жылу құбырының 58, ал су құбырының 65 шақырымы ретке келтірілді. Бүгінде қаланың біршама көшесі қазылған. Барлық учаскеде арнайы техника мен жұмысшылар жүр. Балқашта мұндай ауқымды жылу және су желілерін жаңарту бұрын-соңды болмаған, дейді тұрғындар.
- Міне 2 жыл болып қалды. Суық судан кінәрәт жоқ. Бұрын демалысына 1 рет жарылып жататын. Жылу да жақсы. Биыл да жалғасып жатыр.- Мен осы қалада 40 жылдан астам уақыт тұрамын. Бұлай ауқымды жұмыстарды биыл ғана көріп отырмын.
Биылғы жоспар бойынша 25 шақырым жылу құбыры ауыстырылды. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, жылу беру маусымына дайындық жақында аяқталады.
Абай Темірбеков, жылу беру мекемесінің басшысы:
Қазіргі таңда магистральді жылу құбырларын ауыстыруды толығымен аяқтадық. Барлығы сапалы өтті. Гидравликалық сынақтан ақау табылған жоқ. Қазіргі таңда дайындық жұмысы 95 пайызға жетті.
Қаладағы су құбырының 95% тозған еді. Соның салдарынан жиі ақау шығып, жұрт апталап сусыз қалатын. Биыл 21 шақырым құбыр жаңаланды. Жаңғырту барысында цифрлық технологиялар да қолданылуда. Мысалы құбыр бойына су шығынын автоматты түрде реттейтін датчиктері бар бекітпелер орнатылған.
Сапар Сатаев, Балқаш қаласының әкімі:
Адамның байланысынсыз электронды жабатын бекітпелер бар. Ақау шықса, оған адам жеткенше қанша уақыт өтіп кетеді. Бұл жерде ақау шықса өзі тоқпен датчигі жауып тастайды.
Балқашта коммуналдық желілерді жаңарту келесі жылы да жалғаспақ. Құбырлардан бөлек, негізгі сорғы станциясы да жөнделеді, - дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
