Басты Жаңалықтар АҚШ-та 750 мың қызметкер жұмыссыз қалды

АҚШ-та 750 мың қызметкер жұмыссыз қалды

АҚШ-та үкіметтің жұмысы тоқтады. Бір күннің ішінде 750 мың федералды қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Бүгін Сенаттағы дауыс беру нәтижесіз аяқталып, федералдық қаржы бөлінбей қалды. Республикалықтар денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржыны қысқартып тастаған. Бірақ демократтар бұған қарсылық білдіріп, тиісті құжатты бекітпей отыр. Нәтижесінде жүздеген мың мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді, ұлттық парктер мен мұражайлардың жұмысы шектелді. Әуежайлардың жұмысы баяулады. Тек әлеуметтік төлемдер мен қауіпсіздік қызметтері істеп тұр. Үкімет жұмысының тұралауы экономикаға кері әсер етеді, дейді сарапшылар. Екі партия өкілдері кінәні бір біріне артып отыр.

Джей Ди Вэнс, АҚШ вице-президенті:
Демократтар үкіметті әдейі жауып отыр. Себебі біз заңсыз мигранттардың денсаулығына миллиардтаған қаржы бөлуден бас тарттық. Халыққа айтарым: бүгінгі тоқыраудың түпкі себебі – Шумер мен Окасио-Кортез бастаған демократтар тобы. Олар «Заңсыз мигранттардың денсаулық сақтауына қыруар қаржы берсеңдер ғана үкіметті ашамыз»,-деп отыр. Бұл – қисынсыз талап. Америкалық азаматтың салығы неге шетелдіктің қалтасына кетеді? Меніңше бұл дағдарыс ұзаққа созылмайды. Себебі кейбір демократтардың өзі біздің жаққа өте бастағанын көріп отырмыз.

Тед Лю, Өкілдер палатасындағы демократтар қауымдастығы төрағасының орынбасары:

Бүгін – үкіметтің тоқырауының алғашқы күні. Оны жасап отырған республикашылдар. Ақ үй де, Сенат та, Палата да солардың қолында. Ал біз, демократтар, халық үшін осындамыз: бағаны арзандату, жұмыс орындарын қысқартуды болдырмау, денсаулық сақтаудағы жеңілдік пен көмекті қорғау үшін күресіп жатырмыз. Ал республикалықтар демалыста жүр. Экономика құлдырап тұрған шақта мұндай үрдіс аса қауіпті. Жұмыссыздық соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, инфляция да өсті, өткен айда жеке секторда жұмыс орны 32 мыңға азайды. Бұл – Трамп экономикасының салдары. Сондықтан республикалықтар оралып, демократтармен бірге үкіметті қайта ашуы керек.


Бөлісу