Қазақстан азаматы Арменияға жеке куәлікпен бара алатын болды
Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. Ал Армения азаматтары Қазақстанға сәйкестендіру картасы және басқа да құжаттар арқылы кіреді.
Ескеретін жайт, Қазақстанға немесе Арменияға кірген қос елдің азаматтары 30
күннен кейін құзырлы органдарға барып, тіркелуі керек.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Келісім аясында сапарлар үшін қажетті құжаттар тізбесі кеңейтіліп отыр. Бұдан былай қазақстандықтар Арменияға жеке куәліктері арқылы бара алатын болады. Жалпы қабылданған заңдар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға оң ықпал етеді деп сенеміз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16