Қарағанды қаласында екі жұмысшы қаза тапты
Қарағанды қаласында кәріз құбырын ауыстыру кезінде 2 адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша арнайы қазылған жер опырылып, жұмысшылар үйінді астында қалған.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Оқиға мен тұрған қаланың оңтүстік-шығысындағы Кеншілер даңғылында болған. Мұнда бірнеше күннен бері кәріз құбырларын ауыстыруда. Жұмысшылар шамамен 2-3 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқан. Сол кезде жер опырылып, екеуі үйінді астында қалған. Оларды дереу сыртқа шығарып, алғашқы көмек көрсеткенімен құтқара алмады. Алдын ала дерек бойынша екеуі топыраққа тұншығып қаза тапқан. Полиция екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған құрылыс жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір мұнда жұмыс тоқтатылып, аумақ түгел қоршалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Екі жұмыскер де «НС Система» серіктестігінің қызметкерлері.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25