Президент: ЖИ дамыту бағыты білім саласынан басталуы тиіс
Жасанды интеллектті дамыту бағыты білім саласынан басталуы тиіс. Бұл орталық пен аймақ, қала мен ауыл арасындағы білім алшақтығын қысқартуға әсер етеді. Бүгін Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысына қатысқан Мемлекет басшысы осылай деді. Әсіресе бұл шағын, жинақы мектептерге қатысты мәселе. ЖИ технологияларын енгізу ерекше білім алу жүйесін қажет ететін балаларды да жан-жақты қолдау үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз – шын мәнінде инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Президент Үкімет мүшелеріне жасанды интеллект саласына маманданған зерттеу университетін ашу керек деген тапсырма берді. Соның нәтижесінде экономиканың барлық салаларына қажетті мамандарды дайындау мүмкіндігі артады. Оқу орны – ғылым-білім, инновация және халықаралық байланыс орталығы ретінде жұмыс істеуі керек.
Оқу орнына арнайы мәртебе берген жөн. Сондай-ақ бұл жұмысқа әлемдік үздік оқу орындарын серіктес ретінде тарту қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс. Осындай жаңа оқу орны бізге неге қажет деген сауал да туындауы мүмкін. Басты мақсат – экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
